Ұлы жоқтар жасайтын «Жұлдыз той» туралы білесіз бе?

Әлеуметтік желіде екі қызға арнап жасалған ерекше тойдың видеосы тарады. Кадрда арнайы биік орынға отырған екі бойжеткенге қонақтар ақша беріп, қуанышты мерекемен құттықтап жатыр, деп хабарлайды aishyq.kz.
Қонақтардың назары екі қызға ауып, оларға жұлдыздай құрмет көрсетілген. «Жұлдыз тойдың» мақсаты да – осы.
Жұлдыз той — қазақ халқының этнографиясында қыз балаға арнап өткізілетін көне дәстүрлердің бірі, сонымен қатар кейінгі жылдары қайта жаңғырып жүрген той түрі.
Бұрынғы дәстүр бойынша қыз бала 3, 5, 7 немесе 9 жасқа толғанда, оның балиғатқа толғанын атап өтіп, құлағын тесіп, алтын сырға таққан. Ұл балаға сүндет той жасалса, қыз балаға осылай арнайы «Сырға той» немесе «Жұлдыз той» беріліп, ел-жұрттан бата алған.
Сондай-ақ отбасында қатар-қатар қыз туса, ата-анасы «артынан ұл бала ерсін» деген ниетпен, қызын жұлдыздай жарқыратып, құрметтеп «Жұлдыз той» жасаған.
Бұл той туралы сіз не білесіз?



