ЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтары
Тренд

Құзырлы органдар Жаңаөзенде 2011 жылғы оқиғаны қайталағысы келген топтың ұсталғанын растады

Маңғыстау облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаменті Ішкі істер министрлігінің органдарымен бірлесіп, Жаңаөзен қаласында мұнай-газ секторындағы мердігер компаниялардың бірінің басшылығымен сөз байласып, ереуілдер ұйымдастыруға әрекет жасаған топтың жолын кесті, деп хабарлайды aishyq.kz.

Мәліметтерге сәйкес, олар кәсіпорын ұжымын жаппай наразылыққа шақырып, осы арқылы тапсырыс беруші – «Өзенмұнайгаз» АҚ-дан қосымша қаржыландыру алмақ болған.

Құзырлы органның мәліметінше, топ өз талаптары орындалмаған жағдайда, мұнайшылардың наразылық әлеуетін пайдаланып, 2011 жылы Жаңаөзен қаласында орын алған қайғылы оқиғаларды қайталауды көздеген болуы мүмкін.

Алайда күш құрылымдарының жедел әрі үйлесімді жұмысының арқасында ауыр салдардың, соның ішінде жазықсыз азаматтардың зардап шегуі әрекеттердің алдын алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button