
Маңғыстау облысында апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлер мәселесін шешуге бағытталған «Реновация» бағдарламасы аясында жаңа тұрғын үйлердің құрылысы басталды, деп хабарлайды aishyq.kz.
Бұл ретте Жаңаөзен қаласы мен Бейнеу ауданының Боранқұл ауылында, Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында және Қарақия ауданының Мұнайшы ауылында құрылыс жұмыстары басталғаны айтылды.
Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында жалпы саны 64 тұрғын үй апатты деп танылған. Аталған үйлерде 1061 пәтер бар. Осы мәселені кезең-кезеңімен шешу мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы 54-ке жуық тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Жоба аясында 1012 пәтерді пайдалануға беру көзделген.
Бұл бастама өңірдегі апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлер мәселесін кезең-кезеңімен шешуге, тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы баспанаға қол жеткізуіне мүмкіндік бермек.



