ЖаңалықтарҚоғам
Ақтауда 70 жастағы ақсақал марафонда жүгіріп, 42 шақырымды бағындырды

Ақтауда теңіз жағалауында Caspian Marathon спорттық шарасы өтті. Онда қатысушылар 5 км, 10 км, 21,1 км және 42,2 км қашықтық бойынша жүгірді, деп хабарлайды aishyq.kz.
Марафонға қатысушылардың бірі Нұржан Ақнұров әлеуметтік желідегі парақшасында жарыста көзге түскен егде жастағы қатысушы туралы айтты.
«70 жасты алқымдаған ақсақал 42 шақырым қашықтықты жүгірді. Оған күш-қуат берсін. Ол шынында да жастарға үлгі боларлық іс жасап жүр», — деді Нұржан Ақнұров.



