ЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтары

Қарақия ауданында жолаушы әйелден 136 келі бекіре тәркіленді

Қарақия ауданында жолаушы әйелден 136 келі бекіре тәркіленді. Заңсыз тасымалдау 5 қазанда профилактикалық іс-шара кезінде анықталған, деп хабарлайды aishyq.kz.

Полиция қызметкерлері құқық қорғау және уәкілетті органдардың өкілдерімен бірлесіп, көлікті тоқтатқан. Тексеру кезінде жүксалғыштан бекіре тұқымдас 136,15 келі болатын 22 дана балық табылған. Полиция мәліметінше, балық көлікте болған 55 жастағы әйел жолаушыға тиесілі.

     — Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір тәркіленген балықтың қайдан алынғаны және оның оқиғаға қатысты басқа да мән-жайлары анықталып жатыр, — деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button