ЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтары

Маңғыстауда балықтан уланған жасөспірім ауруханада көз жұмды

Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен 10 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды aishyq.kz.

Науқастың жағдайын тұрақтандыру үшін республикалық деңгейдегі реаниматологтар, инфекционистер және неврологтар келген еді. Алайда дәрігерлер баланың өмірін сақтап қала алмады.

     — Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Қазір үш науқас дәрігерлердің бақылауында. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, — деді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Айта кетейік, Мұнайлы ауданында төрт адам – үш ересек адам мен 10 жасар бала 17 қыркүйекте сағат 20:00–21:00 аралығында отбасылық жиында балық жеген. Келесі күні кешке олардан ботулизмге тән алғашқы белгілер байқалған.

Олар 19 қыркүйекте Мұнайлы аудандық ауруханасына медициналық көмекке жүгініп, кейін облыстық ауруханаға ауыстырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button