ЖаңалықтарСпорт

Әлем чемпионаты: Қазақстан дзюдошысы үшінші жарыс күнінде жүлдесіз қалды

Бакуде дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші жарыс күнінде татамиге шыққан Қазақстан балуаны Аңсарбек Ғайнулин алғашқы айналымда есе жіберді.

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз Франция дзюдошысы Дайян Булемтафеске төрешінің ескертуі нәтижесінде жол берді. Белдесу барысында Қазақстан балуаны әдіс жасауға талпынғанымен, еш нәтиже бермеді. Осылайша ол чемпионатты ерте аяқтауға мәжбүр болды.

Белгілі спортшы аталған белдесуде тактикалық қателікке бой алдыруы салдарынан жеңілгенін алға тартты.

 «Қазір менде айтарға сөз жоқ. Белдесуде үлкен қателік істеп қойдым. Жалпы бұл белдесуге тас-түйін дайын едім. Жаттықтырушылардан бастап барша үміт артқан жандардан кешірім сұраймын. Негізі жоспар бойынша келесі айналымға шығамын деген сенім болды. Бірақ күресім өзім ойлағандай жүрмеді», — деді спортшы.

Ертең Қазақстан құрамасынан 81 келіде Абылайхан Жұбаназар мен Жалғас Қайролла мен Есмигүл Куюлова (63 кг) сынға түседі.

Айта кететін жайт, турнирдің алғашқы күнінде Қазақстан дзюдошысы Шерзод Давлатов күміс жүлдеге ие болды.

Ал 11 қазан күні Маңғыстау облысының балуаны Жантілек Нұртілепұлы (+100 кг) аралас командалық сында өнер көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button