Маңғыстау жаңалықтары
6 тас пен тақтай: Желі қолданушылары Бейнеудегі аялдаманың сиқын сынға алды

Әлеуметтік желіде алты тас пен тақтай қойылып, жолаушыларға отыратын орын жасалған аялдаманың видеосы таралып жатыр, деп хабарлайды aishyq.kz.
Тым аласа көрінген орын жолдың бойында тұр.
Желідегі видеоға қолданушылар «бұл көрініс елді мекендегі қоғамдық инфрақұрылымның қазіргі жағдайын аңғартады», «Жаңа Қазақстандағы — жаңа аялдама», «осы аялдаманы 3 жылда бітірдік», «Токтың бағынында «А» деген аялдамамыз да бар», «Шүкір, Қыдырша ата көшесіндегі аялдамада мұндай тас та жоқ» деп сыни пікірлерін жазып жатыр.



