ЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтары
Ақтауда ҰҚК кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша алды деп күдікке ілінген басшыны ұстады

Ақтауда ҰҚК департаментінің қызметкерлері санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы басшылардың бірін ұстағанын мәлімдеді, деп жазады aishyq.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша лауазымды тұлға өз сыбайластарымен бірге қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі түрде заңсыз ақша қаражатын алып келген деген күдікке ілініп отыр.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен бұл іске қатысы бар өзге де тұлғалар анықталып жатыр.



