ЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтары

Қаракөлге қызғылт қоқиқаздар келе бастады

Маңғыстауда Қарақия–Қаракөл қаумалына қызғылт қоқиқаздар келе бастады, деп хабарлайды aishyq.kz.

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының мәліметінше, қоқиқаздар ұзын аяғы мен иілген тұмсығы, қызғылт түсті қауырсынымен ерекшеленетін құстың бірі.

 — Күзгі маусымда қаумал аумағы қоқиқаздар үшін маңызды аялдау орындарының біріне айналады. Қоқиқаздардың маусымдық көшуі экожүйенің тұрақтылығы мен биоалуантүрліліктің сақталуын көрсетеді. Бұл маусымдық көшу еліміздің табиғатты қорғау бағытында маңызды рөл атқарады, — деді Үстірт мемлекеттік табиғи қорығындағылар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button