Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Ербол Ізбергенов, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Бекбол Орынбасаров тағайындалды, деп хабарлайды aishyq.kz.
Ербол Ізбергенов 1973 жылғы 11 тамызда Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолында «Маңғыстаумұнайгазбарлау» кешенді экспедициясы құрылыс-монтаж учаскесінің тас қалаушысы, өңірлік деңгейдегі құрылыс мекемелерінде, Ақтау қаласы әкімдігінде еңбек етіп, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары, облыстық құрылыс басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
Сондай-ақ ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде басқарма басшысы болып, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймақ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кейін «Атамекен» республикалық кәсіпкерлік палатасының директоры болды.
Ақтау қаласы әкімінің орынбасары және Ақтау қаласы әкімінің лауазымдарын атқарды, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарды.
2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап осы уақытқа дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.
Бекбол Тілеумұратұлы Орынбасаров 1971 жылғы 18 маусымда Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында дүниеге келген.

Еңбек жолында Маңғыстау облыстық Кеден басқармасының «Баутино» кеден бекетінде инспектор болды, әр жылдары банк саласында, Ақтау қаласы әкімдігінде және Маңғыстау облысының мемлекеттік органдарында қызмет атқарды. Ақтау қаласы әкімінің көмекшісі, Ақтау қаласы әкімі аппаратының басшысы, Ақтау қалалық тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Ішкі әкімшілік департаментінде басқарма басшысы қызметін атқарды.
2008-2010 жылдары «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ активтерді басқару департаментінің директоры, кейін басқарушы директоры – корпоративтік хатшысы болды.
2010-2019 жылдары «Отырар Энерджи» ЖШС және «Адай» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарды.
2020-2021 жылдары «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы» АҚ басқарма төрағасы болды.
2021-2023 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, кейін бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
2023-2026 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жетінші және сегізінші шақырылымдарының депутаты, Қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комитеттің мүшесі болды.



