ЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтары

Маңғыстауда жастарға 1 миллион теңгеден грант беріледі

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен жастарға «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты беріледі, деп хабарлайды aishyq.kz.

Байқауға 14 пен 34 жас аралығындағы өңірдің жастары қатыса алады. Байқау қорытындысы бойынша 18 үздік жоба анықталып, әр жеңімпазға 1 млн. теңге көлемінде грант беріледі.

Жоба ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес, медиа және волонтерлік бағыттары бойынша қабылданады. Әр бағытта үздік деп танылған үш бастама қаржылай қолдауға ие болады.

Конкурстың мақсаты — жастардың жаңа және жүзеге асып жатқан бастамаларын қолдау, қоғамдық маңызы бар идеяларды дамыту және жастарға өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беру.

Өтінімдер 15-30 қыркүйек аралығында қабылданады.

Толық ақпаратты және өтінім беру туралы @tauelsizdikurpak12 instagram парақшасынан және upraq2026.com сайтынан алуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button