Жаңалықтар

Әмин Тұяқовқа «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді

Белгілі жеңіл атлет, бірнеше рекорд иесі, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әмин Тұяқов «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағына ие болды. Құрметті атақ Қала күні қарсаңында табысталған, деп жазады aishyq.kz.

Алматы қаласының әкімдігі биыл аталған атақ қаланың дамуына үлес қосқан бірнеше азаматқа берілгенін атады. Олардың қатарында Маңғыстау өңірің тумасы, белгілі спорт ардагері де бар.

Әмин Тұяқов – қазақ жеңіл атлетикасының аңызы, КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы әрі рекордшысы, 1960-жылдары кеңестік спорттағы ең мықты спринтерлердің бірі болған тұлға.

1937 жылы Маңғыстауда дүниеге келген ол Гурьев педагогикалық институтында білім алып жүріп, жеңіл атлетикамен айналыса бастаған. Табиғи жылдамдығы мен табандылығының арқасында қысқа уақыт ішінде спорт шебері атанып, КСРО құрамасына дейін көтерілді.

Әмин Тұяқов 100 және 200 метр қашықтықтарда топ жарып, бірнеше мәрте КСРО чемпионы атанды. 1965 жылы Алматыдағы Орталық стадионда 200 метрді 20,6 секундта жүгіріп өтіп, 1956 жылдан бері жаңармаған КСРО рекордын бұзды. Ол Олимпиада құрамына да енгенімен, 1964 жылғы Токио Олимпиадасына соңғы сәтте қатыса алмады. Соған қарамастан, Әмин Тұяқов қазақ жеңіл атлетикасының тарихында өшпес із қалдырып, ұлттық спорттың дамуына жол ашқан саңлақтардың біріне айналды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button