Әділбек Ниязымбетов Астанада басшылық қызметке тағайындалды

Бокстан Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов «Спортшылар кеңесінің» басшылық құрамына бекітілді, деп хабарлайды aishyq.kz.
Әділбек Ниязымбетов ұзақ жылдар бойы Қазақстанның ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетті. Ол кәсіби мансабында Олимпиада бөлек, екі мәрте әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, Азия ойындары және Азия чемпионы атанған. Спортшы енді жинаған тәжірибесін спорт саласының дамуына бағыттауды көздеп отыр.
«Спортшылар кеңесінің» Даму жөніндегі директор ретінде Әділбек Сәбитұлы жаңа жобаларды ілгерілетуге, өңірлік өкілдіктердің жұмысын жандандыруға, серіктестік аясын кеңейтуге және спортшыларға арналған жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға атсалысады. «Спортшылар кеңесі» үшін әр спортшының үні естілуі, тәжірибесі ескерілуі және спорттан кейінгі өміріне де қолдау көрсетілуі маңызды. Осы мақсатта Кеңес спорт қауымдастығын біріктіріп, нақты жобалар мен жүйелі бастамаларды жүзеге асыруды көздейді», — деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін Әділбек Ниязымбетов Маңғыстау облыстық жоғары спорт жетістіктері мектебінің директоры қызметін атқарған болатын.



