Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Польшада тұрғындар жылқы етін жеуге қарсы шықты

Польшаның Катовице қаласында жылқы етінен тағам әзірлейтін Tatarland мейрамханасы бірнеше аптадан бері жануарлар құқығын қорғаушылардың наразылығына себеп болып отыр, деп хабарлайды aishyq.kz.

Белсенділер мейрамхана мәзірінен жылқы етінен дайындалатын тағамдарды алып тастауды талап етуде. Олардың пікірінше, жылқыны тағам ретінде емес, адамның серігі ретінде қабылдау қажет.

Алайда мейрамхана иесі бұл талаппен келіспейді. Ол жылқы етін сатуды тоқтатпайтынын айтып, жылқы етінен жасалған тартар мен стейктің мейрамханадағы ең танымал тағамдардың қатарында екенін атап өтті.

Наразылық акциялары кезінде белсенділер мейрамхана алдында жылқылардың суреттері бейнеленген плакаттар ұстап, өз ұстанымдарын білдіруде.

Бұл жағдай Польша қоғамында жылқыға деген көзқарас, ұлттық тағам дәстүрлері және жануарларды қорғау мәселелері жөніндегі пікірталасты күшейткен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button