Маңғыстау жаңалықтары
Тренд

Ақтаулықтар бастапқы жарнасыз пәтер ала алады

Ақтауда тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды. Құжаттарды қабылдау науқаны 14 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында өтеді, деп хабарлайды aishyq.kz сайты.

Бағдарлама «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ желісі арқылы жүзеге асады және қала тұрғындарына қолжетімді шарттармен беріледі.

Бағдарламаның негізгі шарттары мен артықшылықтарына тоқталайық: жалға беру мерзімі – 20 жылға дейін. Соңында пәтер толығымен жалға алушының меншігіне өтеді. Ал жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 3,1%. Басты ерекшелігі бастапқы жарна талап етілмейді.

1 шаршы метрдің жалға алу құны – 2 490 теңге. Сондай-ақ қалдық құны бойынша қарызды мерзімінен бұрын толық жабу мүмкіндігі қарастырылған.

Жаңа баспана 29А шағын ауданындағы “Adal Town” тұрғын үй кешенінен (№170, 171, 172, 173 үйлер) беріледі. 86 пәтер сатылымға шығарылған. Атап айтқанда:

  • 1 бөлмелі пәтерлер — 46 бірлік;
  • 2 бөлмелі пәтерлер (60,6–61,7 ш.м.) — 17 бірлік, ай сайынғы төлемі 150 909 теңгеден басталады;
  • 3 бөлмелі пәтерлер (84,5–85 ш.м.) — 23 бірлік, ай сайынғы төлемі 210 670 теңгеден басталады.

Бұл бағдарламаға Маңғыстау облысында немесе Ақтау қаласы бойынша «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаж ретінде ресми түрде есепте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастар қатыса алады.

Өтініштер тек электронды түрде Baspana Market порталы арқылы қабылданады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button