ЖаңалықтарҚоғам

Бұрынғы әйелінің ар-намысына тиетін сөз айтқан актер 2 жыл 3 айға сотталды

Алматы облысының Қарасай аудандық соты актер, шоумен Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты үкім шығарды. Сот оны кінәлі деп танып, 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды aishyq.kz.

Бұл ақпаратты жәбірленуші, актердің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы әлеуметтік желідегі пaрақшасында жариялады. Ақпаратқа сәйкес, актер жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

«Сот Нұрсұлтан Жақсыгенді кінәлі деп танып, оған 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – деді Фариза Алмасқызы.

Іс Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша қаралған. Бұл норма онлайн-платформалар арқылы көрінеу жалған ақпарат таратуға қатысты жауапкершілікті көздейді. Мемлекеттік айыптаушы бұған дейін актерді үш жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Сот жәбірленуші Фариза Сабырәлиеваның азаматтық талабын ішінара қанағаттандырып, оның пайдасына 5 миллион теңге өндіріп беруді міндеттеді.

Айта кетейік, актер әйелін кемсітіп, оған қатысты түрлі балағат сөздер айтқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button