Астанада экология саласындағы цифрлық технологиялар мен ЖИ мүмкіндіктері талқыланды

Астана қаласында өткен өңірлік экологиялық саммит аясында қоршаған ортаны қорғауда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің рөліне арналған панельдік сессия ұйымдастырылды. Жиынға отандық және халықаралық сарапшылар қатысты.
Іс-шараны Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанынан, Қазақстанның жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі қолдауымен өткізді.
Сессия модераторы, IDC вице-президенті Андрей Беклемишев саларалық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.
Орталықтың бас директоры Асхат Қожумов KazDevLab өкілдерімен бірге экологиялық мониторинг жүйесіне ЖИ негізіндегі аналитиканы енгізу тәжірибесін таныстырды. Бұл шешімдер табиғи ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Өңірлерді цифрлық дамыту департаментінің директоры Назгүл Бажаева ЖИ негізіндегі G2C жобаларының әлеуетін атап өтіп, олардың халықтың өмір сапасы мен экологиялық қауіпсіздігін жақсартуға бағытталғанын жеткізді.
Ал Азамат Кауазов Орталық Азия климаттық ақпараттық платформасының мүмкіндіктерін таныстырып, оның өңірлік деректерді біріктірудегі рөлін атап өтті.
Талқылауға халықаралық сарапшылар Olena Bura мен Nicholas Smith та қатысып, тақырыптың жаһандық маңызын көрсетті.
Сарапшылардың пікірінше, цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізу тұрақты дамудың негізгі құралдарының біріне айналып отыр. Қазақстан бұл бағытта белсенді позиция танытып келеді.