ЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтары

ҰҚК Ақтау әкімшілік полиция басқармасы бастығына қатысты істі тергеп жатыр

Ақтауда Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Сүйін Құрмантаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҰҚК хабарлады, деп жазады aishyq.kz сайты kazinform.kz-ке сілтеме беріп.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Сүйін Құрмантаевқа қатысты ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі тексеру жүргізіп жатқаны туралы ақпарат тараған еді. Онда полиция подполковнигі танысына 520 мың теңгеге жүргізуші куәлігін алуға көмектесуге уәде бергені айтылған.

ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын растады.

     — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті сұрауыңызды қарастырды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — деп деді ведомство.

Басқа жаңалықтар

Back to top button