Қазақстан жаңалықтары

Еркебұлан Тоқтар желіде бейәдеп сөйлеймін деп айыппұл арқалады

Алматыда көпшілікке кеңінен танымал актер әрі әуесқой ММА файтері Еркебұлан Тоқтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды aishyq.kz.

Алматы қаласының прокуратурасының дерегінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында спортшының бейәдеп сөздер айтқан бейнежазбасын анықтаған көрінеді.

Аталған материалдар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралып, Еркебұлан Тоқтарды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы — «Ұсақ бұзақылық» бойынша кінәлі деп танылған.

Осылайша, сот шешімімен оған 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынып отыр.

Алматы қалалық прокуратурасы адамның қоғамдағы танымалдығы оны заң талаптарын сақтау міндетінен босатпайтынын алға тартты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button