Барлық жаңалықтарҚазақстан жаңалықтары

Баку мен Құрық арасында жолаушылар паромы қайта іске қосылады

Әзірбайжан мен Қазақстан арасында Каспий теңізі арқылы жолаушылар тасымыла қайта жанданбақ, деп хабарлайды aishyq.kz.

Бұл туралы Қазақстанның Әзірбайжандағы Елшісі Әлім Байел мәлімдеді. Оның сөзінше, Қазақстан тарапы Әзірбайжанға Құрық-Баку-Құрық порттары паром желісінде жолаушылар тасымалын қайта бастауды ұсынған.

2020 жылға дейін жүзеге асырылған бұл тасымалдар COVID-19 пандемиясына байланысты тоқтатылған болатын.

Әлім Байел паромдық тасымалдау тоқтағанға дейін Каспий теңізі арқылы жылына 1500-ге жуық жолаушы жүргенін атады. Ол алдағы уақытта осы бағыт бойынша саяхаттауға ниет білдірген жолаушылардың саны артатынана сенім білдірді. Паром желісін қайта іске қосу екі ел арасындағы жолаушылар қатынасының дамуына серпін береді, туристік алмасуды күшейтеді және орта дәліздің мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етпек.

Елші Әзірбайжан тарапының Қазақстанның ұсынысын қолдағанын атап өтті. Қазіргі уақытта екі елдің көлік ведомстволары жолаушылар қатынасын шұғыл қалпына келтіру бойынша жұмыстарды бастап кеткен.

Қазіргі таңда Баку мен еліміздің Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау сияқты қалалары арасында аптасына 37 әуе рейсі тұрақты ұшады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button