ЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтары
Тренд

Маңғыстау казино орналастыруға болатын аумақтар тізіміне енді

Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің жағалауы ойын бизнесі нысандарын орналастыруға рұқсат етілген аумақтар тізіміне енді. Тиісті қаулыны Қазақстан Үкіметі бекітті, деп хабарлайды aishyq.kz сайты kazinform-ға сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, өңірде казино және ойын автоматтары залдарын орналастыруға болады. Оларға шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, ойын бизнесі нысандарының қызметкерлері, сондай-ақ еңбек немесе қызметтік міндеттерін орындауына байланысты нысан аумағында жүрген басқа да тұлғалар кіре алады.

Бекітілген тізімге еліміздің өзге де өңірлеріндегі жекелеген аумақтар енгізілген. Олардың қатарында Алматы облысының Талғар және Ұйғыр аудандары, Жетісу облысындағы Алакөл көлінің жағалауы мен Панфилов ауданы, Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл және Зайсан аудандары, Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданы, сондай-ақ Абай облысындағы Алакөл жағалауы бар.

Сонымен қатар Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Бурабай ауданында казино, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды орналастыруға рұқсат етілген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button