ЖаңалықтарҚоғамМаңғыстау жаңалықтары
«Әр дәуірдің көліктері»: Ақтауда бір үйір жылқы көлік жолымен жүріп өтті
Ақтауда 30 және 33 шағын аудандар арасындағы жолда бір үйір жылқы жүргені байқалды, деп хабарлайды aishyq.kz.
Аталған жағдайды тұрғындардың бірі байқап, желіге жариялаған. Көліктер арасында үркімей кетіп бара жатқан жануарлардың иесі кім екені белгісіз.
Болжам бойынша, қараусыз жүрген жылқылар қала іргесіндегі ауылдардың бірінен келген болуы мүмкін.



