ЖаңалықтарҚазақстан жаңалықтары
Тренд

Елімізде жыл соңына дейін 23 мыңға жуық азамат әскерге аттанады

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды, деп хабарлайды aishyq.kz.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың желтоқсан айының соңына дейін 18 бен 27 жас аралығындағы, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскери қызметтен босатылуға негізі жоқ шамамен 23 мың ер азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады.

Оның ішінде:

12 мыңнан астам азамат – Қазақстан Қарулы күштерінің;
7 мың азамат – Ұлттық ұланның;
3 мың азамат – ҰҚК Шекара қызметінің;
400-ден астам азамат – Төтенше жағдайлар министрлігінің;
300-ге жуық азамат – Мемлекеттік күзет қызметінің қатарын толықтырады.

Министрлік мәліметінше, әскери есепке қатысты барлық ақпарат азаматтарға eGov порталындағы жеке кабинеті арқылы қолжетімді.

Сонымен қатар сарбаздарға әскери қызмет өткеру кезеңінде несие төлемдерін кейінге қалдыру мүмкіндігі қарастырылған. Бұдан бөлек, мерзімді әскери қызметін өтеген азаматтар ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім беру гранты бойынша түсе алады.

«Сарбаздарға қызмет өткеру кезеңінде несие төлемдерін кейінге қалдыру және ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім беру гранты бойынша түсу мүмкіндігі қарастырылған», — деп жазылған Қорғаныс министрлігінің мәліметінде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button