ЖаңалықтарҚоғам

Ақтаулықтар әлі 20 күн ыстық сусыз отырады

Ақтау қаласының тұрғындары ыстық суды әлі 20 күн күтуге мәжбүр. Қаладағы жылу желілерінің магистральдық құбырларын жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы «МАЭК» ЖШС айтты, деп хабарлайды aishyq.kz сайты.

Жөндеу жұмыстары аяқталған соң «МАЭК» ЖШС «КЖСА» МКК-мен бірлесіп, қаланың магистральдық және шағынаудандардағы жылу желілерінің қауіпсіздігі мен сенімділігін тексеру үшін гидравликалық сынақ жүргізеді.

МАЭК-тің мәліметінше, ыстық суды 20 қыркүйектен кейін беру жоспарланып отыр.

   — Ыстық суды жөндеу жұмыстары толық аяқталып, гидравликалық сынақтар жүргізілгеннен кейін, сондай-ақ жылу желілерінде ешқандай ақаулар анықталмаған жағдайда 20 қыркүйектен кейін беруді жоспарлап отырмыз, — деді энергокомбинат.

Басқа жаңалықтар

Back to top button