Жаңаөзенде мұнай саласының қызметкерлерімен кездесу өтті

Бүгін «Әділет» партиясының мәслихат депутаттығына кандидаттар Жаңаөзен қаласындағы №5 ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасының еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары талқыланып, партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.
Жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жаңа әлеуметтік нысандардың салынуы, Кендірлі әуежайының құрылысы, автомобиль жолдарының сапасын жақсарту, медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру және жұмыссыздық мәселелері сөз болды.
– Жаңаөзен қаласының тұрақты дамуы үшін мұнай-газ өнеркәсібімен қатар экономиканың өзге де салаларын дамыту маңызды. Кендірлі әуежайы, жол инфрақұрылымын жаңғырту және туристік әлеуетті дамыту бағытындағы жобалар жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар халық санының өсуіне байланысты жаңа әлеуметтік нысандар салу, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелеріне жүйелі түрде көңіл бөлу қажет, — деді кандидат Орынбасар Сейдов.
Кездесуде аталған мәселелерді шешуге бағытталған партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасындағы жоспарлар мен бастамалар да талқыланды.
Жиын соңында кандидаттар еңбек ұжымымен пікір алмасып, қызметкерлердің сауалдары мен ұсыныстарын тыңдады.
Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді
Дайындаған: Aishyq.kz ақпараттық сайты.
Мекенжайы: Ақтау қ., 32А шағынаудан, 8 үй;
Тапсырыс беруші: Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы атынан өкілдік ететін Нұрбек Қарасайұлы Қарасаев арқылы партияның сайлау қоры қаражаты есебінен дайындалды.











