Әлем жаңалықтарыҚоғам

Көзі көрмейтін досы тамақ жемейінше, өзі де асқа жоламайды: иттің әрекеті жұртты сүйсіндірді

Қытайда Сяо Хуан есімді иттің көзі көрмейтін досы Кугенге деген қамқорлығы әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті. Иесі екі итке де тамақ ұсынғанда, Сяо Хуан алдымен Кугенге беруін сұрағандай басымен оны нұсқайды. Ал досы тамақтанбайынша, өзі де жемейді, деп жазады aishyq.kz.

Бір қызығы, Сяо Хуан мұндай қамқорлықты үнемі көрсетеді. Ол көзі көрмейтін досының жанынан табылып, күнделікті серігіне айналған.

Куген көз алмасынсыз дүниеге келген. 2022 жылдың қыркүйегінде Қытайдың Хэбэй провинциясында тұратын Чжу есімді азамат оны көшеден тауып алып, үйіне әкелген.

Алғашында күшік айналасындағы кедергілерге жиі соғылатын болған. Алайда уақыт өте келе есту және иіс сезу қабілеттерінің көмегімен қоршаған ортаға бейімделуді үйренген.

Бірде иесі иттің иіс сезу қабілетін тексермек болып, танысына өзінің күртесі мен қарғыбауын берген. Алайда Куген заттардың ауысқанын бірден сезіп, тоқтап, кері бұрылып, иесіне өздігінен қайта оралған.

Кейін отбасына Сяо Хуан есімді ит қосылып, Кугеннің тұрақты серігіне айналды. Қазір қос ит бірге ойнап, серуендейді. Ал иесі олардың күнделікті өмірінен қызықты сәттерді әлеуметтік желіде жариялап отырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button