БілімҚоғам
Тренд

Маңғыстауда генерал-майор Сағындық Аяғанов атындағы сынып ашылды

1 қыркүйек күні Маңғыстау ауданы Ұштаған ауылындағы А.Өтепбергенов атындағы мектепте өңірдегі тұңғыш полиция генерал-майоры Сағындық Күзембайұлы Аяғановтың есіміне «Жас сақшы» сыныбының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды aishyq.kz сайты.

Салтанатты шараға Маңғыстау ауданының әкімі Ғалымжан Ниязов пен Маңғыстау облыстық полиция департаментінің басшысы Сағындық Аяғанов бастаған құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар қатысты.

«Жас сақшы» сыныбы — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Ал сыныпқа Сағындық Аяғановтың есімінің берілуі оның ел қауіпсіздігі мен Отан қорғау саласына өлшеусіз үлес қосқанымен және осы мектептің түлегі болуымен байланысты.

Іс-шарада аудан әкімі, полиция генерал-майоры, ардагерлер ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, білім мен тәрбие, заң мен тәртіптің маңызына тоқталды.

​Биыл Маңғыстау ауданы жаңа оқу жылын 21 мектеп 8500 оқушымен бастады, 740 бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттады.

Өткен оқу жылында білім сапасы 7 % артты, ұлтық бірыңғай тестілеу көрсеткіші 4,4 ұпайға өсті, 215 түлек мемлекеттік білім грантын иеленді, 22 оқушы «Алтын белгі», 33 түлек «Үздік аттестат» иегері атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button