Бейнеу политехникалық колледжінде кездесу өтті

«Әділет» партиясынан Бейнеу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Бейнеу политехникалық колледжінің ұжымымен кездесу өткізді.
Жиында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру, еңбек нарығына қажетті білікті мамандар даярлау, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту және жастардың кәсіби дамуына қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды.
Кандидаттар қазіргі еңбек нарығында заманауи технологияларды меңгерген, цифрлық сауаттылығы жоғары, бәсекеге қабілетті мамандарға сұраныс артып отырғанын атап өтті. Осы ретте колледждер мен өндіріс орындары арасындағы байланысты күшейту, дуальды оқыту жүйесін дамыту және студенттердің тәжірибелік білім алу мүмкіндіктерін кеңейту маңызды екені айтылды.
– Сапалы білім мен ғылым – мемлекеттің тұрақты дамуының негізі. Бүгінгі колледж студенті – ертеңгі білікті маман, ел экономикасының дамуына үлес қосатын азамат. Сондықтан жастарға тек теориялық білім берумен шектелмей, олардың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға, заманауи технологияларды меңгеруіне мүмкіндік жасауымыз қажет. Әсіресе өндірістік өңір саналатын Маңғыстау үшін техникалық мамандар даярлаудың маңызы зор, – деді Назарбек Қадір.
Бұдан бөлек, кездесуде ауылдық жерлердегі білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсету, жастарды жұмыспен қамту және техникалық мамандықтардың беделін көтеру мәселелері сөз болды.
Жиын соңында білім беру саласын дамытуға қатысты ұсыныстар тыңдалды.
Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.
Дайындаған: Aishyq.kz ақпараттық сайты.
Мекенжайы: Ақтау қ., 32А шағынаудан, 8 үй;
Тапсырыс беруші: Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы атынан өкілдік ететін Нұрбек Қарасайұлы Қарасаев арқылы партияның сайлау қоры қаражаты есебінен дайындалды.






