Маңғыстау жаңалықтары

Төрт баласынан айырылған ақтаулық әйел 51 жасында ЭКО арқылы қыз босанды

17 қараша күні Ақтауда 51 жастағы Күмісай Палекеева ЭКО әдісінің көмегімен қыз баланы дүниеге әкелді, деп хабарлайды aishyq.kz. 

Күмісай Оралбайқызы бұған дейін тағдырдың тәлкегін көріп, төрт баласынан айырылған. Оның үш баласы газдан уланып көз жұмған. Жолдасы екеуі үмітін үзбей, биыл қыркүйекте 13 жастағы ұл баланы асырап алды. Көп ұзамай отбасының қуанышы еселене түсті — ақтаулық отбасыға Алматы қаласындағы «Ecomed» клиникасынан тегін ЭКО сертификатын сыйлаған.

Дәрігерлердің айтуынша, әйел жүктілік кезеңінде «Ана мен бала» орталығының бақылауында болды.

— Әйел жүктілік кезеңінде толықтай біздің бақылауымызда болды. 17 қараша күні бойы 52 см, 3 келі 400 грамм қыз бала дүниеге келді. Қазір ана мен баланың жағдайы — жақсы, — деді орталықтың директоры Жапырақ Епенова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button