ҚоғамМаңғыстау жаңалықтары

Италияның Vogue журналына суреті жарияланған маңғыстаулық әженің есімі белгілі болды

Vogue Italia журналының PhotoVogue платформасында Наурыз мерекесі кезіндегі суреті жарияланған маңғыстаулық әженің аты-жөні белгілі болды, деп жазады aishyq.kz сайты. 

Ол 1966 жылы 1 желтоқсанда Түрікменстанның Қошоба ауылында дүниеге келген — Нұрияш Сағындықызы Блахаева. Тұрмысқа шыққан соң жолдасының тегіне өткен, қазір тегі — Қапарбаева.

Ол 1992 жылы отбасымен Қазақстанға қоныс аударып, Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құланды ауылына тұрақтаған. Руы — Қосай, Жаманадай.

Бүгінде екі баланың анасы, бір немеренің әжесі. Құланды ауылында жеке азық-түлік дүкенін жүргізіп, өз кәсібімен айналысады.

— Vogue журналына суреті жарияланған маңғыстаулық әже — менің нағашы апам. Бір қарағанда қарапайым ауыл тұрғыны болғанымен, әр адамның артында айтылмаған үлкен өмір тарихы бар. Ал бүгін сол тарихтың VOGUE журналында көрініс табуы — біз үшін ерекше қуаныш әрі мақтаныш. Фотограф Адам Шаповаловтың өзі де хабарласып, апама сол күні суретке түсуге келісім бергені үшін алғысын айтты, — деп жазды әженің жиені Лаура Наурызова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button