ЖаңалықтарҚазақстан жаңалықтары
Дәретхана қағазынан мұнара тұрғызып, үстіне шықты: Жігіттердің көлікпен жасаған қауіпті трюгі талқыға түсті

Әлеуметтік желіде бір топ жас жігіттің қауіпті әрекеті қызу талқыланып жатыр. Олар ерекше трюк түсіру мақсатында адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін көріністі видеоға түсірген, деп хабарлайды aishyq.kz.
Кадрларда жігіттердің бірі бірнеше қатар етіп тізілген дәретхана қағазының үстіне шығып тұрады. Ал екінші жігіт көлікпен келіп, қағаздарды бар жылдамдықпен соғып құлатады. Соққының салдарынан қағаз үстінде тұрған жігіт те тепе-теңдігін жоғалтып, жерге құлайды.
Аталған әрекеттің соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін еді. Әзірге видеоға қатысты өзге де мәліметтер белгісіз.



