Маңғыстау жаңалықтары

«Әділет» партиясының кандидаттары Серікбол Қондыбай музейінің ұжымымен кездесті

«Әділет» партиясынан Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттығына үміткерлер Маңғыстау ауданы Шетпе ауылындағы С.Қондыбай атындағы мемориалдық музей ұжымымен кездесті.

Кандидаттар Жолдауда айтылған ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихи сананы жаңғырту және мәдени мұраны келер ұрпаққа жеткізу жөніндегі міндеттерге тоқталды. Сондай-ақ партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.

«Музей қорларын сақтау, экспозициялық залдарды жаңарту, заманауи технологияларды енгізу және келушілерге қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізу қажет. Алдымызда Серікбол Қондыбай тұрған үйді музейге айналдыру міндеті тұр. Тарихи тұлғалар мен өлке тарихын зерттеп, насихаттап жүрген мәдениет мекемелерінің қызметіне қолдау көрсету де маңызды», – деді Пания Сармурзина.

Сонымен қатар кандидаттар мәдениет саласы қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы мен еңбек мәселелеріне назар аударды.

«Мәдениет саласы қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік жасау және жас мамандарды тарту мәселелері маңызды. Музейлердің әлеуетін арттыру арқылы Маңғыстаудың тарихи мұрасын кеңінен танытып, өңірдің туристік мүмкіндіктерін де дамытуға болады. Әсіресе, Маңғыстау ауданының аумағындағы туристік орындар, оның ішінде осы музейде құнды ақпарат көп. Сондықтан музейдің материалдық-техникалық базасын нығайту, экскурсия өткізетін жас мамандарды тарту маңызды», – деп атап өтті Римма Муханова.

Жиын соңында мәслихат депутаттығына үміткерлер музей ұжымының сұрақтарына жауап берді.

Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Дайындаған: Aishyq.kz ақпараттық сайты.

Мекенжайы: Ақтау қ., 32А шағынаудан, 8 үй;

Тапсырыс беруші: Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы атынан өкілдік ететін Нұрбек Қарасайұлы Қарасаев арқылы партияның сайлау қоры қаражаты есебінен дайындалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button