Жаңаөзенде кандидаттар «Verity Group» ЖШС ұжымымен кездесті

Бүгін «Әділет» партиясынан Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар «Verity Group» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Басқосуда партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген маңызды мәселелер талқыланды.
«Verity Group» ЖШС еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ мұнай өндіру нысандарында санитарлық-экологиялық талаптардың сақталуына бағытталған жұмыстарға қатысады. Осыған байланысты кездесуде еңбек қауіпсіздігі, жұмысшылардың әлеуметтік құқықтарын қорғау, қоршаған ортаны сақтау және өндірістік қалдықтарды тиімді басқару мәселелері сөз болды.
Кандидаттар Президент Жолдауында айқындалған экономиканы жаңғырту, өндіріс орындарына заманауи технологияларды енгізу, экологиялық жауапкершілікті арттыру және еңбек өнімділігін көтеру бағыттарының өңір үшін маңыздылығын атап өтті.
«Мемлекет басшысы Жолдауында экономиканы жаңғырту мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану міндеттеріне ерекше назар аударды. Өндірістік аумақтарды тазарту, қалдықтарды дұрыс басқару және экологиялық талаптарды сақтау – өңірдің тұрақты дамуы үшін маңызды. Сонымен қатар әрбір жұмысшының қауіпсіз еңбек етуіне және әлеуметтік құқықтарының қорғалуына жағдай жасалуы қажет», – деді кандидат Исенбай Қалдаманов.
Кездесу барысында «Таза Қазақстан» бастамасының маңыздылығы да сөз болды. Кандидаттар экологиялық мәдениетті қалыптастыру, өндірістік аумақтардың тазалығын сақтау және табиғатқа жауапкершілікпен қарау ісінде кәсіпорындардың рөлі ерекше екенін жеткізді.
Жиын соңында еңбек ұжымы кандидаттармен пікір алмасып, сұрағын қойды.
Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.
Дайындаған: Aishyq.kz ақпараттық сайты.
Мекенжайы: Ақтау қ., 32А шағынаудан, 8 үй;
Тапсырыс беруші: Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы атынан өкілдік ететін Нұрбек Қарасайұлы Қарасаев арқылы партияның сайлау қоры қаражаты есебінен дайындалды.



