Ақтауда үйлердің есігін тексеріп, ашық пәтерге кіретіндер көбейді

Ақтауда белгісіз ер адамның тұрғын үйге кіріп, пәтерлердің есіктерін тексеріп жүрген сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бейнежазба авторының айтуынша, оқиға 28 шағынаудандағы 10-үйде таңғы сағат 7:00 шамасында болған, деп жазады aishyq.kz.
Тұрғынның айтуынша, ер адамның қандай жағдайда болғаны белгісіз. Ол дәліздегі пәтерлердің есіктерін тексеріп, күдікті әрекеттер жасаған. Тіпті есігі ашық тұрған пәтерге кіріп, біраз уақыттан кейін қайта шығып, артынша тағы да ішке кірген.
Осы жағдайға алаңдаған тұрғын әлеуметтік желіде жазба жариялап, өзгелерді сақ болуға шақырды.
«Үйіңе бөтен ер адам кіріп келсе, қорқынышты ғой. Есікті кілттеп жүрейік, сақ болайық. Бала-шағамыздың қауіпсіздігі үшін камера орнатқаным ең дұрыс шешім болды ма деп отырмын», – деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтаудың 28 шағынауданындағы 3-үйде, сондай-ақ 13 шағынауданда да осыған ұқсас жағдай болғаны туралы тұрғындар әлеуметтік желіде жазған еді.



