ҚоғамМаңғыстау жаңалықтары

Маңғыстауда 3 жұп егіз дүниеге келді

Маңғыстау облыстық Ана мен бала перинаталдық орталығында небәрі екі күннің ішінде үш отбасы егіз сәбилерін бауырына басты. Дүниеге келген алты нәрестенің төртеуі – ұл, екеуі – қыз, деп жазады aishyq.kz.

Алғашқы егіздер 2026 жылғы 13 қарашада сағат 14:00 және 14:09-да дүниеге келді. Бір отбасында салмағы 2740 грамм, бойы 51 сантиметр ұл бала мен салмағы 2830 грамм, бойы 52 сантиметр қыз бала туды.

Сол күні кешкі сағат 17:16 және 17:33-те тағы бір жұп егіз өмір есігін ашты. Бұл жолы ата-анасы бірден екі ұлдың ата-анасы атанды. Нәрестелердің салмағы – 2430 және 2290 грамм, бойлары – 46 сантиметр.

Ал 14 қараша күні сағат 11:58-де салмағы 3080 грамм, бойы 51 сантиметр ұл бала, ал 12:15-те салмағы 2960 грамм, бойы 52 сантиметр қыз бала дүниеге келді.

Жаңа туған сәбилердің есімдері әзірге белгсіз. Дегенмен бір отбасы ұлы мен қызына Әнуар және Ақнұр есімдерін берген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button