ЖаңалықтарҚоғам
Тренд

“Аспаннан ақша жауды”: Астанада сөмке толы ақшаны жоғары қабаттан лақтырып жіберді

Елордадағы “Атлант” тұрғынүй кешені ауласында аспаннан ақша жауғаны айтылды, деп жазады aishyq.kz.

Аталған жағдай қала көшелерінің бірінде болғанын желі қолданушылары жариялаған. Алайда бұл жағдайға не түрткі болғаны әзірге нақты белгісіз. “Козачков” арнасының жазуынша бұл қаржылар лауазымды шенеуніктерге берілген пара болуы мүмкін.

Бейнежазбада үй ауласында жолаушы сөмкесінен шашылған шетелдік банкноттардың шашылып жатқаны анық байқалады.

     “12.11.2026 ж. Қонаев 5 мекенжайында таңғы 6:30 шамасында аулада доллар шашылып жатыр деген хабарлама келді. Маңай толық қоршауға алынды”, — деп баяндайды бейнежазбаға түсірген адам.

Басқа жаңалықтар

Back to top button