Ақтауда құстар ЖЭО-дан ағатын жылы суға жиналды
Ақтауда күн суыта бастаған тұста құстардың ерекше әрекеті қала тұрғындарының назарын аударды, деп хабарлайды aishyq.kz.
Жылу электр орталығының (ТЭЦ) маңындағы көлшікке жиналған қиқиқаздар мен үйректер жылы суда жүзіп жүргені анық байқалады.
Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында осы көріністі бейнелейтін видео жариялады. Оның айтуынша, күн суытқан кезде кейбір жыл құстары қысты ЖЭО-дан ағатын жылы су айдынында өткізеді.
«Қыс жақындап келеді… Күн суыта бастағанда кейбір жыл құстары қысты ЖЭО-дан ағатын жылы су айдынында өткізеді», — деп жазды блогер.
Жарияланған бейнежазбада қиқиқаздар мен үйректердің орталықтан ағатын жылы суда жүзіп жүргені көрінеді. Қараша айының ызғарлы күнінде бұл су айдыны құстар үшін қолайлы мекенге айналған.
Айта кетейік, Маңғыстау облысында қыстап қалатын және жылы жақтан ұшып келетін құстар Каспий теңізі мен Қаракөлді паналайды. Бейресми деректерге сәйкес, Қаракөлде қыс мезгілінде 40 мыңнан астам аққу мекендейді.



