Қазақстан жаңалықтарыҚоғам

«Боксшы» секілді: Балалар ойын алаңындағы жанжал жұдырықпен аяқталды

Түркістанда балалар ойнайтын орталықтардың бірінде екі әйелдің арасында жанжал шықты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан әйелдердің бірінің екіншісінің иығынан қағып, қолымен түрткені, ал екінші адамның жұдырығын ала жүгіргені байқалады. Оқиға желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, деп жазады aishyq.kz.

Желі қолданушыларының арасында болған жағдайға таңғалғандар да бар. Кейбірі «Мен де боксқа барамын. Осылай өзімді және баламды қорғаймын» деген пікірлерін жазған.

Ал оқиғаға қатысушылардың бірі әлеуметтік желідегі парақшасында жағдайға қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, оқиға 7 қараша күні «Балу» орталығында болған.

Жасөспірім қыздың сөзінше, жанжал басқа бала доп лақтырғанда видеодағы екінші әйелдің баласына тиюінен басталған.

«Доп тиген бала меннен көріп, мені боқтады. Мен мән бермедім, керісінше, оған тағы доп тимесін деп ол отырған жастықшаны сәл жылжытып қойдым. Ал бала мұны түсінбей, жылап, кетіп қалды»,- дейді видеодағы «боксер» қыз.

Оның айтуынша, біраз уақыттан соң баланың анасы келіп, оның інісіне тиісіп, өзін де жұлқылаған. Жасөспірім қыз баланың анасына оған ешкім тиіспегенін түсіндіріп, бейнебақылау камерасындағы жазбаны бірге қарауды ұсынғанын айтады.

Алайда өзінің сөзінше, әйел жарты сағатқа жуық уақыт бойы балағат сөздер айтып, кеудесінен бірнеше рет түрткен. Осыдан кейін ол өзін қорғауға мәжбүр болғанын жазады.

Айта кетейік, бұл – оқиғаға қатысушылардың бірінің әлеуметтік желіде жариялаған нұсқасы. Жанжалдың толық мән-жайы әзірге белгісіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button