Маңғыстау жаңалықтары
Маңғыстауда ауа райы бұзылады: ТЖД ескерту жасады

Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын қолайсыз ауа райына байланысты сақ болуға шақырады, деп хабарлайды aishyq.kz.
10 қарашада облыстың бірқатар аумағында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ және тұман болжанып отыр.
Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға аса қажеттілік болмаса алыс жолға шықпауға, көлікпен жолсыз жерлерге бармауға кеңес береді. Сондай-ақ жолға шығар алдында ауа райы болжамын ескеріп, көліктің техникалық жағдайын тексеру қажеттігін ескертеді.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.



