Маңғыстау жаңалықтары
Тренд

Маңғыстауда дрондар жол ережесін бұзған 220 жүргізушіні анықтады

Маңғыстау облысында жол қозғалысын әуеден бақылау нәтижесінде 220 жүргізушінің жол ережесін бұзғаны белгілі болды. Барлық құқық бұзушылық бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған, деп жазады aishyq.kz.

Қазіргі уақытта өңір жолдарындағы қауіпсіздікті бақылауға 8 пилотсыз ұшу аппараты жұмылдырылған. Дрондар республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарда тұрақты бақылау жүргізеді.

Әуеден түсірілім жасау кезінде жол белгілері мен таңбаларының талаптарын сақтамау, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау тәртібін бұзу, көлік басқару кезінде телефон немесе радиостанция пайдалану, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығу секілді заңбұзушылықтар тіркеледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button