ЖаңалықтарҚазақстан жаңалықтары

Астанада мас ер адам қария мен оған араша түскен әйелді соққыға жықты

Әлеуметтік желіде егде жастағы ер адамды аяусыз соққыға жыққан азаматтың әрекеті қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушыларының айтуынша, оқиға Астана қаласында болған, деп хабарлайды aishyq.kz.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, 28 жастағы мас азамат өзімен-өзі отырған қарияға күш қолданған. Оған араша түсуге тырысқан 41 жастағы әйелді де соққыға жыққан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Оқиғаның өзге де мән-жайы әзірге белгісіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button