ЖаңалықтарҚоғам

Машинист айдалада жалғыз жүрген 4 жасар баланы байқады

Оқиға 20 қыркүйек күні сағат 12:30-да болған. Сарыөзек – Үштөбе учаскесінің Тауарасы – Айнабұлақ аралығында қозғалыстағы жүк пойызының машинисі теміржол төсемі жанынан Айнабұлақ станциясына жалғыз бағыт алған даладағы 4 жасар баланы байқады, деп хабарлайды aishyq.kz.

Қазақстан теміржолының мәліметінше, пойыз шамамен 38 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан. Машинист дереу қызметтік тежеуді қолданып, пойызды тоқтатып, баланы локомотив кабинасына мінгізген. Кейін ол жағдай туралы пойыз диспетчеріне хабарлаған.

Бала Айнабұлақ станциясының кезекшісіне тапсырылған. Хабарламада станция кезекшісінің баланың ата-анасымен байланысқаны айтылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button