ЖаңалықтарҚоғам

Тойда жүгірген баланы әнші теуіп жіберді

Әлеуметтік желіде той үстінде әншінің кішкентай баланы теуіп құлатқан сәті түсірілген видео тарады. Видеодан ән айтып тұрған өнерпаздың қасында жүгіріп жүрген баланы аяғымен теуіп жібергенін көруге болады. Бала соққыдан кейін жерге құлайды, деп жазады aishyq.kz.

Жазба авторы тойға кішкентай балаларды ертіп келетін ата-аналарды сынға алған. Оның айтуынша, балалардың сахна маңында жүгіруі өнерпаздардың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Алайда әншінің баланы тебу әрекеті де желі қолданушыларының талқысына түсті.

Желіде оқиғаға қатысты түрлі пікір жазылып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button