ҚоғамМаңғыстау жаңалықтары

Ақтаулықтардың коммуналдық мәселеге қатысты шағымы толастар емес: қалада кейбір үйлерде жылу мен су жоқ

Ақтау қаласының тұрғындары коммуналдық қызмет сапасына қатысты наразылықтарын әлеуметтік желілерде, соның ішінде Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми Telegram-арнасында жазады. Тұрғындардың сөзінше, қаланың бірқатар шағынауданында жылу мен су мәселесі бар, деп жазады aishyq.kz.

Бүгін, 24 қарашада, аталған телеграм арнада тұрғындар тарапынан түскен шағымдарды байқадық.
Қала тұрғындарының айтуынша, көпқабатты үйлердегі пәтерлер әлі салқын, ал кейбір мекенжайларда су тоқтап қалған, көшеде су ағып жатқан жерлер бар.

Әкімдік арнасында нақты мекенжайлар көрсетілген өтініштер толы. Мәселен, 29а-шағынаудан, 103-үй, 32а-шағынаудан, 9 және 29-үйлер, 11-шағынаудан 20-үйде жылу жоқ. 19а-шағынаудан 12-үйде 3 күннен бері су жоқ, 12-шағынаудан 50-үй, 28-шағынаудан 8-үй және 14-шағынаудан 27-үй тұрғындары ауыз сусыз отыр, сонымен бірге 7-шағынаудан 12-үйде ыстық су тоқтап қалған. Ал 27-шағынаудан 14-үйдің маңында су ағып жатыр.

Тұрғындар жауапты мекемелер мен қала басшылығынан нақты нәтиже күтеді. Олар күн суытқан сайын жылу мен судың болмауы әсіресе балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарт кісілері бар үйлерге үлкен қиындық келтіретінін айтуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button