Кандидаттар филармония ұжымымен кездесті
Бүгін «Әділет» партиясынан Маңғыстау облыстық және қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар М.Өскінбаев атындағы облыстық филармонияның ұжымымен кездесті.

Бүгін «Әділет» партиясынан Маңғыстау облыстық және қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар М.Өскінбаев атындағы облыстық филармонияның ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында кандидаттар партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басымдықтарды түсіндірді.
Жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдениет пен өнер саласын қолдау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, шығармашыл жастарға мүмкіндік жасау және мәдениет қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері сөз болды.
– Мәдениет – ұлттың рухани тірегі, қоғам дамуының маңызды көрсеткіші. Маңғыстау – өзіндік өнері мен бай мәдени мұрасы қалыптасқан, жыршылық және күйшілік дәстүрі сақталған өңір. Осы құндылықтарды келешек ұрпаққа жеткізу, өнер иелеріне қолайлы жағдай жасау, мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайту аса маңызды. Сонымен қатар шығармашылық индустрияны дамыту арқылы жастардың әлеуетін ашуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға мүмкіндік бар, — деді Пания Сармурзина.
Кездесу соңында мекеме ұжымы өңірдің инфрақұрылымын жетілдіру, халықтың тұрмыс сапасын арттыру және әлеуметтік салаларды дамыту бағытындағы сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.
Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.
Дайындаған: Aishyq.kz ақпараттық сайты.
Мекенжайы: Ақтау қ., 32А шағынаудан, 8 үй;
Тапсырыс беруші: Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы атынан өкілдік ететін Нұрбек Қарасайұлы Қарасаев арқылы партияның сайлау қоры қаражаты есебінен дайындалды.



