ЖаңалықтарСпорт

Нұрдәулет Жарылғапов ел чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Ақтөбе қаласында қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп, Маңғыстау облысының намысын қорғаған Нұрдәулет Жарылғапов +100 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды aishyq.kz. 

Балуан тартысты белдесулерде жоғары шеберлік танытып, финалға дейін жетті. Нәтижесінде жарыстың күміс жүлдегері атанып, Маңғыстау өңірінің қоржынына бағалы жүлде салды.

Аталған салмақ дәрежесінде Қостанай облысының өкілі Нұрсұлтан Қаблан чемпион атанса, қола жүлделерді Батыс Қазақстан облысының балуаны Мерей Бердіғали мен Түркістан облысының өкілі Қайсар Шамшидинов иеленді.

Нұрдәулет Жарылғапов биыл Қырғызстанда өткен Көшепенлділер ойындарында күміс жүлдегер атанса, тамыз айында Бакуде әлем біріншілігінде екінші орынға тұрақтаған болатын. Сондай-ақ, ол биыл ел кубогында топ жарса, былтырғы ҚР чемпионатында чемпион болған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button