Маңғыстау жаңалықтары

“Тікелей эфирде шектен шыққан”: Маңғыстауда желі қолданушысы бір аптаға қамалды

Маңғыстау облысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир барысында бейәдеп сөздер айтқан азамат жазаға тартылды, деп хабарлайды aishyq.kz. 

Стрим жүргізген 21 жастағы азамат өзінің өрелкел әдепсіздігі үшін заң алдында жауап беруіне тура келді.

Өңірлік полиция департаменті аталған оқиғаның 20 қазан күні Таушық ауылында болғанын растады. Осыдан кейін Түпқараған ауданының тұрғынына қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Осыдан кейін сот аталған азаматты кінәлі деп таныды. Соның нәтижесінде ол 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

Бұл ретте Маңғыстау облыстық полиция департаменті әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізетіндерге қоғамдық тәртіпті ұстау қажеттігін айтып, тиісті талаптарды сақтауды үнемі қаперден шығармауды ескертіп отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button